Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға Департамент басшылығы, жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында патриоттық рухты көтеру, елге деген сүйіспеншілікті нығайту, сондай-ақ ардагерлерге құрмет көрсету болды. Іс-шара барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар, Жеңіс күніне арналған естеліктер айтылып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.