Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Шымкент қалалық прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Н.М.Заманханның қатысуымен аудандық ТЖБ бастықтары мен аға анықтаушыларына әдістемелік жиын өткізілді.
Жиналыс барысында 2025 жылғы І тоқсандағы Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу жөніндегі мәліметтер, олар бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығы жеткізілді. Бұдан басқа, қылмыстық бұзушылық бойынша хабарламалар мен ақпараттарды қарастыру бойынша тәртіптің сақталуы толық және жан-жақты талқыланды.
Жиналыста заң талаптарын қатаң сақтау мен бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.