Шартты өрт сөндірілді

Шартты өрт сөндірілді

 Политехникалық колледж жатақханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Жаттығу сценарийі бойынша шартты өрт 3-қабаттағы бөлмелердің бірінде шықты. Өрттің тез таралу қаупі туындады.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірден іске кірісті. Олар өртті сөндірумен қатар, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және құтқару жұмыстарын да жүргізді.

Мұндай жаттығулардың басты мақсаты – төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.