Шымкент қаласында құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында белгісіз бағытқа үйден шығып, қайта оралмаған 74 жастағы әйел табылды.
Туыстары Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы келіп, Департамент бастығы генерал-майор Қ.Базарбаевқа құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге
сала кетейік, 2025 жылғы 20 сәуірде Шымкент қаласы Абай ауданының Қайнар бұлақ тұрғын алабында тұратын қарт әйел кеше түстен кейін белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған. Жақындары сәтсіз аяқталған іздеу жұмыстарынан кейін таңертең 112 қызметіне жүгінеді.
Шақырту орнына құрамында екі кинологиялық жасағы бар іздестіру тобы шықты. Үш сағаттан кейін жоғалған әйел елді мекеннен 4 шақырым жерде табылды. Кейуана біраз қалжырағанмен, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Құтқарушылар
- қиын сәттерде әрқашан бірінші болып көмекке келетін нағыз батырлар.