
Жедел қызмет атқару деңгейін арттыру үшін мотопомпаларды модернизациялау жүргізілді
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ПМП-300 модельді тіркемелі мотопомпасының жедел қызмет атқару деңгейін арттыру мақсатында модернизациядан өткізді. Атап айтқанда, су тарту жұмыстарының тиімділігі ұшін 3 дана 125 мм диаметрлі қос бұранда және су төгу үшін 2 дана 150 мм диаметрлі қос бұранда орнатты. Мотопомпаның өнімділігі – 1400 м³/сағ.
Бұл жабдықтың орналастыру уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді және стандартты өрт сөндіру жеңдерінің су айдау тиімділігін арттырады.