Шымкент қаласының құтқарушылары супермаркетте өртті сөндірді

Шымкент қаласының құтқарушылары супермаркетте өртті сөндірді

Бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында супермаркеттердің бірінде өрт шықты. Белгілі болғандай, ғимараттың жертөлесінде 8 ш.м. аумақта спирттік ішімдіктері бар картон қораптардың жануы орын алды.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.