2024 жылдың 19 маусым күні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастамасымен Шымкент қаласы “Атамекен”Кәсіпкерлер палатасында 30- ға жуық кәсіпкерлермен, оның ішінде сауда, өндірістік және қызмет көрсету нысандарының өкілдерімен “Саудада өрт жағдайы мен өрт қаупсіздігі" бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында кәсіпкерлермен тақырып бойынша проблемалық мәселелерді талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.