Шымкент құтқарушылары автокөліктегі өртті сөндірді

Шымкент құтқарушылары автокөліктегі өртті сөндірді

2024 жылғы 07 маусым күні сағат 10:07-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы мен Ғ.Иляев көшесінің қиылысында «Газель» маркалы автокөлігінің салоны жанды. Өрт сағат 10:14-те оқшауланып, сағат 10:16-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖ орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыздар.

Шымкент қаласы ТЖД  барлық автокөлік жүргізушілерін көлік құралының сымдарының жарамдылығын үнемі тексеруді және аталмыш оқиғаларды болдырмау үшін мұқият болуға шақырады.