Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттық негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қол жетімді болуы керек. Шын мәнінде, озық ойлы, ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген бастаманы жүзеге асырған болатын.
Осы орайда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы арасында, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық аясында бірлескен жұмыс үшін, байланыстар орнатып, өзара алмасулар үшін жағдайлар жасау, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды енгізуге және қоғамдық маңызды іс-шараларды өткізуге өзара келісе отырып ықпал ету, тұрақты түрде ақпарат алмасу, Қазақстанның білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерінің, жастар ұйымдарының өкілдеріне байланыстарды кеңейту жұмыстары жүргізілетін болады.