Қала аумағында гидротехникалық құрылыстарға жерүсті визуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді

Қала аумағында гидротехникалық құрылыстарға жерүсті визуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ж.Жабаевтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдар және "Казводхоз" РМК, "Қазселденқорғау" ММ бірлесіп, "Бадам" және "Сайрам су" өзендерінің бойында орналасқан су басуға бейім елді-мекендердің учаскелерінде жерүсті визуалды зерттеулер, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппаратын (квадрокоптер) қолдана отырып, гидротехникалық құрылыстардың аэровизуалды зерттеулері жүргізілді. Жұмыстар барысында су тасқынын болдырмау мақсатында шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі