Ерлікті дәріптеу, үлгі ету-жастарды тәрбиелеуде басты бағыт болу керек. Осы орайда №118 Көкбұлақ жалпы орта мектебінде өрт кезінде екі адамды құтқарып қалған, ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Мейрамбек Спабековпен кездесу өткізілді.
Мейрамбек Спабеков 2013 жылы Әлімбетов көшесінде көпқабатты тұрғын үйде өрт орын алған кезде қою түтінге оранған пәтер ішінде екі адамды тауып, оларды өртеніп жатқан пәтердің ішінен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырып, өмірлерін құтқарып қалған болатын. Осы қайсарлығы үшін де мемлекеттік марапатқа ие болды.
Кездесу барысында тәжірибелі өрт сөндіруші оқушыларға өрт сөндірушілердің қызметі туралы айтып берді. Балалардың сұрақтарына жауап беріп, өз еліне аянбай қызмет етудің үлкен мәртебе екендігін атап өтті.
Мектеп түлектерін өрт сөндірушілердің қатарына қосылуға шақырып, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсу шарттарын түсіндірді.
Мұндай кездесулердің жастардың бойында патриоттық сезімнің артуына үлкен септігі тиетіні анық.