Шымкентте көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу жаңа Тұран шағын ауданында өтті. Тактикалық ойы бойынша отты абайсызда пайдалану нәтижесінде 7-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт орын алды.
Өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері келгеннен кейін үй-жай отпен қамтылды, екі адамды эвакуациялау қажет болды. Газ-түтіннен қорғау қызметтерінің буындарымен зардап шеккендер құтқарылып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасына берілді, өрт жойылды.
Оқу-жаттығу барысында бірқатар кіріспе жұмыстары жүргізілді, олардың бірі жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру болды. Өрт сөндіру бөлімшелері автосатысының көмегімен биік ғимараттардан құтқару тәсілдерін көрсетті.
Биік ғимараттарда болуы мүмкін өрттердің негізгі себептері — жану мен от өнімдерімен эвакуациялау жолдарының оқшаулауы. Сондай-ақ, лифттер өрт кезінде адамдарды эвакуациялау құралы емес екенін есте ұстаған жөн.
Биік ғимараттардағы өрттер көтергіш механизмдер мен тікұшақтардың көмегімен сөндіріледі. Көтеру механизмдері- бұл тартылатын баспалдақтар мен иінді көтергіштер. Қазіргі таңда Шымкент гарнизонында бір 50 метрлік,бір 51 метрлік, 61 метрлік екі иінді көтергіш бар.
Оқу-жаттығуларының негізгі мақсаты - қауіп-қатерге сәйкес келетін жедел және кәсіби әрекеттерді пысықтау. Үйлесімді және жанқиярлықпен -құтқарушылар нақты төтенше жағдайлар кезінде осылай жұмыс істейді. Көмекке мұқтаж адамдардың өмірі кейде минуттарға немесе тіпті секундтарға байланысты болған кезде, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері ғана нәтиже береді.