Жазғы өрт қауіпті кезеңінде абай болыңыздар!

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде абай болыңыздар!

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік пультіне 31 шілдеде сағат 10.17-де Еңбекші ауданы, Қапал батыр тас жолы 5-ші шақырымда өрт туралы хабарлама келіп түсті.

 «Корпорация Алтын май» ЖШС-на  қарасты жалпы көлемі 900 ш.м. құрайтын  жем сақтайтын ғимараттың көлемі 270 ш.м. шатыры және 20 т. пісте май қалдығы жанды.

Өрт сағат 11.27-де оқшауланып, сағат 12.19-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметініңі 60 қызметкері мен 13 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

 

Құрметті қала тұрғындары! Жазғы өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. Қала аумағында 31 шілде-02 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі сақталатындығын еске саламыз.