Автонұр базары жанындағы өрт сөндірілді

Автонұр базары жанындағы өрт сөндірілді

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне 2023 жылғы 6 маусымда сағат 14.48-де Шымкент қаласы Тұран ауданы Темірлан тас жолы бойында «Автонұр» аялдамасының жанында трансформаторда және бутикте өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері трансформатордың және бутиктің жануы орын алғанын анықтады. Өрт сөндірушілердің кәсіби түрде тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, өрт сағат 15.01-де оқшауланып, 15.06-да толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 2 ш.м. құрады.

Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 30 адам, 5 техника жұмылдырылды.