Шымкент қаласының ТЖ департаменті еске салады!

Шымкент қаласының ТЖ департаменті еске салады!

Шымкентте жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар аясында 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11.00-де құлақтандыру жүйесінің сиреналары іске қосылады.

Оқу тексерісі " Баршаның назарына!"бірыңғай құлақтандыру дабылын, электросиреналарды қосу, теледидар мен радио арналарын автоматты түрде ұстап алу арқылы сейсмикалық жаттығулар өткізу туралы халықты бір уақытта хабардар етеді.

Құрметті қала тұрғындары! Сиреналар естілген кезде үй-жайдан шығып, қауіпсіз ашық аймаққа өту керек.

Білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерде адамдарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтаумен сейсмикалық жаттығулар өтеді.

Шымкент қаласының тұрғындарынан сиреналарды жаттығу ретінле іске қрсуына түсіністікпен қарауды, тыныштықты сақтауды және үрейленбеуді сұраймыз!

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы