Айрықша даталар қарсанында ұрпақтардың сабақтастығы

Айрықша даталар қарсанында ұрпақтардың сабақтастығы

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Екі мереке ұрпақтар сабақтастығын растай отырып, бірінен соң бірі өтеді.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Аманбек Бейсембаев жеке құрамға ҚР ТЖ министрінің құттықтау сөзін жеткізді.

Сонымен бірге Аманбек Алтынбекұлы ТЖ департаментінің соғыс ардагерлері бүгінгі күнге дейін жетпегенін, бірақ олардың жеңіске қосқан үлесі баға жетпес және жас ұрпақ олардың ерліктерін ешқашан ұмытпайтынын атап өтті. Метроном дыбысымен барлық қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты жиналыста Шымкент қаласы ТЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Битанов азаматтық қорғау органдарының ардақты ардагерлерін марапаттады.

Салтанатты шара барысында ТЖ департаментінің қызметкерлері ҚР ТЖ Министрінің және Департамент бастығының атынан медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінгі күннің батыры Нұрсұлтан Аянұлы Достемір 2023 жылы 15 ақпанда Шымкент қаласы, Қара төбе тас жолы мекенжайында орын алған өрт кезінде дер кезінде әрекетет етіп, оттың өршуіне жол бермеді. Осы оқиға кезінде азаматтық міндеттерін батыл орындағаны үшін Нұрсұлтан Достемір          Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және ҚР ҰҚК «Застава тарландары» қоғамдық бірлестігі филиалының басшысының атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Қорытынды сөзінде азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев болашақ ұрпақтың тыныштығы үшін батыл күрескендердің ерлігі мен ержүректілігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Бейбітшілік пен игілік үшін қызмет ететіндерге ізет пен құрмет.