Қауіпсіздік сабағы

Қауіпсіздік сабағы

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері қала мектептерінде үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Солардың бірі Хамза атындағы №42 жалпы орта мектебінде өтті.

Іс-шараға қатысқан жедел құтқару жасақтың қызметкерлері аудан аумағында орналасқан мектеп оқушыларына құтқару құрал-саймандарын көрсетіп, жұмыс тәртібін түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге ТЖ мамандары "Улы газбен уланудың алдын алу", " Судағы қауіпсіздік" және «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік » тақырыптары бойынша интерактивті сабақ өткізіп,жаднама парақшаларын таратты және арнайы бейнеролик көрсетті.