Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында

Шымкент қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері «Алтын дән» бала-бақшасында өрт-тактикалық сабағын өткізді.

Сабақ барысында өрт сөндірушілер нысанның шұғыл-тактикалық сипаттамасын зерделеп, жақын орналасқан гидранттарды және олардың жұмыс жағдайын тексере алды. Ал бала-бақша қызметкерлері өз кезегінде өрт сөндіру қызметін шақыру және қарсы алу тәртіптерін, ғимараттан адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру және электр жүйесін т.б. сөндіруді машықтады.

Тәжірибелік іс-шара соңында бала-бақша ұжымымен сабақтың нәтижесі бойынша талдау жасалды және өрт орын алған кезде жасалатын әрекеттер, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша қосымша нұсқаулық жүргізілді.

 

Қызметтің қоғаммен байланыс тобы