Психология бойынша жеке құраммен сабақ

Психология бойынша жеке құраммен сабақ

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және Жедел-құтқару жасағының психолог-мамандары #1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен сабақ өткізді.

Тақырыбы - “Аутоагрессивті мінез-құлықтың түрлері мен түрткілері” .

Ұжымдағы ауызбіршілікті арттыруға бағытталған тренинг өткізілді. Сонымен қатар, қызметкерлерден сауалнама алып, қызметтік тәртіпті сақтау, қарым-қатынас әдебі және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға қатысты қызметкерлермен әңгімелесу жүргізді.