Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара ҚР ТЖ министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау генерал-майоры Нұрболат Дербисов төрағалық етті. Сонымен бірге дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы, Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Керімбеков Камилидин Ерғалиұлы қатысты.
Іс-шара барысында ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Азирбаев Шахмардан Мұратұлы баяндама жасап, жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша шолуларға тоқталып өтті, қабылданып жатқан шаралар туралы кеңінен айтып берді.
Департаментпен заңдылықты, тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жеке құрам арасында салауатты моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, нығайту және қолдау жөніндегі жұмыстар жүйелі негізде жүргізіледі және ерекше бақылауға алынған. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мадияр Есенгелдіұлы Жақсибаев баяндады.
Баяндамашы гарнизонның барлық бөлімшелерінде әлеуметтік пакетті жақсарту, жалақыны, еңбек жағдайларын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіпті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жеке құрамға жеткізілетіндігін нақтылап өтті.
Заңдылық пен қызметтік тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша жүйелі негіздегі шаралар туралы Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті өкілдері баяндады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша алдағы кезеңде ТЖМ жүйесінде көзделген жеке құраммен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыс жөніндегі әдістерді пайдалана отырып, жұмысты жандандыру және құқық қорғау органдарын дискридитациялайтын теріс қылықтарды жою бағытында жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.
Шымкент қ.ТЖД Кадр саясаты басқармасы