«Жатақхана» профилактикалық акциясы

«Жатақхана» профилактикалық акциясы

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй секторында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 15-30 қыркүйек аралығында қалалық Полиция департаментімен және «Оңтүстікжарық» қызметкерлерімен бірлесе «Жатақхана» профилактикалық акциясын жүргізуде. Құтқарушылардың басты мақсаты рейд барысында өрттің алдын алу, өрт жағдайын бағалау, азаматтарға өздерін және мүліктерін қалай қауіпсіз ету керектігін айтып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салу, ал полицейлер көші-қон заңнамасы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексереді.

         Ведомстволық есепке сәйкес қала аумағында профилактикалық акция аясында білім беру объектілеріне қарасты 20 жатақхана және газ жүйесіне қосылмаған 17 шағын отбасылық жатақхана орналасқан. Бүгінгі күнге дейін қала аумағында орналасқан 17 жатақханада өрт қауіпсіздік талаптарының бұзу іс-әрекеттері анықталып, тұрғындарға ескерту жасалынды. Шымкент қаласы орта сапа басқармасының қызметкерлеріне аталған мекен жайдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау бойынша ұсыныстар айтылды. Іс шара барысында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау және улы газдан уланудың алдын алу мақатында 238 пәтердің 1347 тұрғынына  түіндірме жұмыстары жүргізіліп, 250 жаднама таратылды.

Бұған дейін 2022 жылғы 5 қыркүйекте жаңа жылу беру маусымына дайындық бойынша «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды. Айлық аясында «Әрбір үйдің қауіпсіздігі» атты арнайы акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдарының, Полиция департаментінің қызметкерлері, волонтерлер қатысты. Акция аясында бір күн ішінде әлеуметтік жағдайы төмен 8 отбасының үйіне демеушілердің тарапынан улы газды анықтайтын газ дабылқаққыштары орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жылу беру маусымының соңына дейін өткізіледі.

Жалпы қала аумағында 1455 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы тіркелген. Өрт қауіпсіздігі айлық барысында әлеуметтік жағдайы төмен 1400 отбасының үйіне барып, 5164 адам түсіндірме жұмыстарымен қамтылды.

         Адамдар көп жиналатын орындарға әрқашан өрт қауіпсіздігі бойынша ерекше талаптар қойылады. Мұндай ғимараттарға жатақханалар да жатады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар сақтық шараларын сақтау қажет. Сонымен қатар, жатақхананың әрбір тұрғыны мен қызметкерлері өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс.  

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы