ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 86%-Ы ӨРТТЕН ОРЫН АЛҒАН

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 86%-Ы ӨРТТЕН ОРЫН АЛҒАН
Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында
күрделене түсуде. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы, полковник М.Жаксибаев қала әкімі М.Әйтеновтің алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.
Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қайтыс болған, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді. Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап
жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кету болып табылды.
- Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт
тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды,-деп мәлімдеді қалалық ТЖД бастығы М.Жаксибаев.Алдағы жылу беру маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше
жағдайлардың алдын алу және жою үшін М.Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті
тапсырмалар жүктеді. "2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу" іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы