Қазақстан халқына Жолдаудың бағыттары түсіндірілді

Қазақстан халқына Жолдаудың бағыттары түсіндірілді
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша семинар кеңес өткізілді. Іс-шара департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаевтың төрағалығымен өтті.
Мемлекет басшысының жолдауын ТЖ департаментінің жеке құрамына жан-жақты әрі ашық жеткізу мақсатында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ербол Байконысов шақыртылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистері бойынша Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Қамбаров баяндама жасап, реформалардың нақты 5 бағытына тоқталып өтті.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ербол Байконысов өз сөзінде Жолдауда көрсетілген «Заң және тәртіп» мәселесіне тоқталып, қоғамдағы жастар мәселесі бойынша түсіндірме жүргізді. Жиналыс соңында партия тарапынан қала аумағында атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат беріліп, қызметкерлер қойған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Шымкент қ.ТЖД Кадр саясаты басқармасы