Өрт сөндіру депосының құрылысы қала әкімінің назарында

Өрт сөндіру депосының құрылысы қала әкімінің назарында
Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов депо құрылысының барысымен танысып, жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты.
Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет етті. Аумағы 0,3319 га жерді алып жатқан өрт сөндіру бөлімі мегаполистің орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аудардық. Материалдық-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтауға жергілікті атқарушы органдары қолдау көрсетуде.
Ғимаратта әкімшілік корпус (АБК), 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, себезгі бөлмесі, санитарлық тораптар, баспалдақтар, киім шешетін бөлме, жеңдік бөлім, бөлім бастығының, оның орынбасарының кабинеттері, мұрағат, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, Газ-түтіннен қорғау қызметіне арналған аннайы жаттығу бөлмесі, оқу сыныбы, кабинеттер, дәліздер қарастырылған.
Құрылысы осы жылдың маусым айында басталған нысан желтоқсанда пайдалануға берілуі жоспарланған.