Ата-аналар мұқият болыңыздар!

Ата-аналар мұқият болыңыздар!

Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында Шымкент қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қаратау ауданы ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп Тұран шағын ауданындағы тұрғын үйлердегі ойын алаңдарында ата-аналармен профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында ТЖ қызметкерлері ата-аналармен соңғы уақытта биік үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайлары жиілеп кеткені, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізді, қарапайым ережелерді орындау қайғылы жағдайдың алдын алуға және баланың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесетінін айтты.

Іс-шара барысында ата-аналарға биіктіктен құлау салдарынан жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары туралы жадынамалар таратылды. Ең бастысы-баланы бір минутқа қалдырмаңыз, өйткені ешқандай ескерту ересектердің назарын және қырағылығын алмастырмайды!

Алдын алу жұмыстарына ақпараттық сүйемелдеу жасаған «NAR TV» телеарнасы арқылы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Н. Мыңбол қауіпсіздік ережелерін көрермендерге де жеткізді.