Құрметті ата-аналар – балалардың өмірі сіздердің қолдарыңызда!

Құрметті ата-аналар – балалардың өмірі сіздердің қолдарыңызда!

"112" құтқару қызметіне балалардың ашық терезелерден құлағаны туралы мерзімді түрде хабарламалар келіп тұрады. Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады, әсіресе ашық терезелердің жанында.

Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауының 7 жағдайы тіркелді. Төрт жағдайда балалар жарақат алған, үшеуінде балалар қайтыс болған.

Абай ауданы Гагарин көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан бала құлап түскені туралы хабар 2021 жылғы 30 қазанда сағат 23.18-де келіп түскен. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мамандары барып, 2017 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, баспалдақ аралығындағы терезеден құлағанын анықтады. Жедел түрде ауыр халде болған бала ауруханаға жеткізілді. 

Балаларға байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, құрметті ата-аналар, балаларды терезелері ашық бөлмелерде және балкондарда тіпті қысқа мерзімге қараусыз қалдырмаңыз. Сондай-ақ,  үйде болмаған кезде немесе басқа істермен айналыссаңыз,  бала өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге құлыптарды орнатыңыз. Сонымен қатар, балалармен толығымен ашық терезелерге жақындауға және терезенің жанында ойын ойнауға болмайтындығы туралы профилактикалық әңгіме өткізіңіз.

 Еске саламыз: қиын жағдайда бұл туралы "Құтқару қызметіне" "112" немесе "101"телефоны бойынша дереу хабарлаңыз.

 

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы