Автокөлікке абай болыңыздар!

Автокөлікке абай болыңыздар!
19.10.2021 жылы сағат 17.03-те Әл-Фараби ауданы, Самал шағын ауданындағы Жаңабазар көшесінің бойында "Volkswagen Golf 3" маркалы автомобильдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамында 10 өрт сөндіруші, 2 бірлік техника оқиға орнына келіп, отқа оранған автокөлікті сөндіруге кірісті. Өрт 17:18-де ауыздықталып, 17:28-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
 
2021 жылдың 9 айында қала аумағында автокөлікте 35 өрт оқиғасы тіркелді. Келтірілген материалдық шығын 91 млн 440 мың теңгені құрады. Көптеген жағдайларда автокөліктегі өрттердің негізгі себептері электр желілерінің қысқа тұйықталуы болып табылады.
 
Шымкент қаласы ТЖ департаменті ескертеді!
Автомобильдің электр жабдықтарында электр желілерінен ұшқынның пайда болуын болдырмау үшін барлық желілерде зақымдалмаған жарамды оқшаулағыш қабықтар болуы тиіс. Автокөліктің барлық тұрақтарындағы өрт қауіпсіздігі үшін автомобильдер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуы тиіс.
Алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеру және оларды қолдану тәртібін білу қажет.
Автомобильдер міндетті түрде алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек, қажет болған жағдайда өрттің одан әрі дамуына жол бермеу үшін оларды дұрыс пайдалану керек.
Егер өрт сөндіргішпен сөндіру тиісті нәтиже бермесе, қолда бар барлық құралдарды – құмды, топырақты және басқаларды пайдаланыңыз.
Өрт шыққан жағдайда шұғыл түрде "101" немесе "112" телефондарына қоңырау шалып, толық мекен-жайын хабарлау қажет.
 
Әбіл Оразов
Азаматтық қорғау полковнигі
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы