«Shymkent Plaza» ойын сауық кешенінің ғимаратында өрт - тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

«Shymkent Plaza» ойын сауық кешенінің ғимаратында өрт - тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық ойы бойынша кинозалда электрсымдарының   қысқа тұйықталуы салдарынан өрт орын алады. Өрттің  көршілес кинозалдарға  таралу қауіпі туындады. «Shymkent Plaza» ойын сауық кешенінің қызметкерлері «101» қызметіне хабарлайды. Өрт-тактикалық жаттығу орнына күштер мен құралдар жіберіліп, шартты өрт орнына келу барысында өрт сөндіру штабы  құрылды. 380 Вт құрайтын электр желісі обектінің электриктері тарапынан өшірілді. Өрттің  көршілес кинозалдарына таралуға жол берілмеді, сондай-ақ шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары шартты түрде зардап шеккен адамды Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасына тапсырды. Оқу-жаттығу жиынына Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-нің 11 бірлік өрт сөндіру техникасы,  басшы және жеке құрамы жұмылдырылды. Іс-шараға жергілікті «Отырар», «НарТВ» телеарналары ақпараттық қолдау көрсетіп, департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев сұхбат берді.