сауықтыру лагеріндегі оқыту жұмыстары

сауықтыру лагеріндегі оқыту жұмыстары

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан аудан аумағында орналасқан "Үш бұлақ" жазғы сауықтыру лагеріне барып ауқымды үгіт-насихат жұмыстары өткізді. Іс-шара барысында демалушы балалар арасында эстафета өткізіліп "Құтқарушылар біздің достар" атты сурет салу және эссе жазу конкурсы ұйымдастырылды. Сондай ақ Жедел құтқару жасақтың құтқарушылары шомылу кезінде адамдарды құтқару, Алғашқы көмек көрсету әдістерін іс жүзінде көрсетті. Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары алғашқы көмек көрсету әдістерін қыр сырымен таныстырып, жас өспірімдерге практикалық тұрғыдан қолдануға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында сайыс жеңімпаздары мен тәрбиешілері марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шараға ақпараттық қолдауды "Отырар" телеарнасы көрсетті.