Шымкенттік спортшы қыздар тағы да алда

Шымкенттік спортшы қыздар тағы да алда

Өрт сөндіру-құтқару спорты төзімділікті, мықты дайындықты қажет ететін спорт түрі. Бұл спорт түрі бойынша өткізілген әрбір жарыс тартысты болатыны белгілі. Осындай қиын да, қызықты спорт бойынша өткізілген Чемпионаттарда жүлделі орынға ие болу үлкен мәртебе. Қостанай қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық  Жазғы Чемпионатта Шымкенттік спортшы қыздарымыз алдыңғы шепте көрініп, жауынгерлік қанат жаюдан 1-ші орынды, сондай-ақ  жалпы командалық есепте 10 команданың ішінен сурылып шығып, тағыда 1-ші орынды қанжығаларына байлады. 4 күнге созылған   Қостанай қаласында өткізілген жазғы чемпионатта біздің ерлер командасы 18 команданың ішінен жауынгерлік қанат жаюдан 2-ші орынды алды. Спортшыларымызды құттықтаймыз!