«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жиналыс өткізілді

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жиналыс өткізілді

Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен 2019-2020 жылдар аралығында әкімшілік өндіріс кезінде қағаз түріндегі құжат айналымын азайту мен қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдеу, әрі сапалы пайдалану мақсатында өрт қауіпсіздігі саласындағы барлық инженерлік инспекторлық құрам толығымен планшеттер мен термопринтерлермен толық қамтамасыз етілген болатын. Департаменттің материалдық жабдықталуы осымен тоқталып қана қоймай, 2021 жылдың маусым айынан бастап, барлық инспекторлық құрам графикалық планшеттермен (стилус) қамтамасыз етелді. Аталған құрылғыларда жұмыс істеу тәртібін менгеру үшін Департамент Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Шымкент қаласы бойынша басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында, құрылғылардың жұмыс тәртібі түсіндіріліп, инспекторлардың жұмыс уақытын үнемдеп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің сақталуы бойынша өз септігін тигізіетін таптырмайтын құрал екендігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, Үкіметтің қарауындағы өрт қауіпсіздігі саласындағы анықтау функциясы бойынша түсіндірме жүргізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміндегі алгоритм бойынша сабақ өткізілді.