Шымкенттегі дауылды желдің салдары

Шымкенттегі дауылды желдің салдары

Қазгидрометтің бұған дейін берген мәліметтеріне сәйкес 2021 жылдың 06 маусымында желдің екпіні 15-20 м/сек күшейетіні туралы дауылды ескерту жарияланды. Ол туралы тұрғындар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың басшылары 2021 жылғы 5 маусымда СМС хабарламалар, теле,радиоарналарды ұстап алу және "Дәрмен"мобильді қосымшасы арқылы хабардар етілді. 6 маусым күні кешкі 18 сағат 25 минуттан 18 сағат 36 минутқа дейін Шымкент қаласы бойынша желдің екпіні секундына 15-тен 28 метрге дейін болды, нәтижесінде Абай ауданында 1 коммерциялық нысанның, Әл-Фараби ауданында бір 5 қабатты үйдің, Еңбекші ауданында төрт 5 қабатты үйдің, Қаратау ауданында бір 5 қабатты үйдің, барлығы 8 көп қабатты үйдің шатырлары ұшты. Сонымен қатар, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы 4 жеке меншік үйдің шатыры ұшты. Ұшқан шатырлардың жалпы ауданы 585 ш.м. құрады, ауданы 36 ш. м. құрайтын көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқа қаптама материалы, ағаштардың құлауы және үйлердің шатырының бұзылуы нәтижесінде 8 автокөлік зақымданды. Дауылды желдің салдарын жою үшін оқиға орындарында 6 бірлік техника мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.   Жағдай тұрақты.