Қазақстан халқы бірлігі күні

Қазақстан халқы бірлігі күні

Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.  Аталған мереке 1996 жылдың басынан бастап, Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын елімізде атап өтуде.

Аталған іс-шараның қонағы болып, Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің тарих кафедрасы меңгерушісі тарих ғылымдарының кондидаты доцент Нарыкбаев Шымырбай Жақсыбайұлы келіп, «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «ҚР Тәуелсіздігіне 30-жыл» және «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» тақырыптарын кеңінен насихаттап, арнайы әзірленген бейне роилтер көрсетті.

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.