Шымкент қаласының аумағында болу мүмкін дала-орман өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Шымкент қаласының аумағында болу мүмкін дала-орман өртті сөндіру бойынша  өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Шымкент қаласы «Комсомол көлі» учаскесінің өрт-бақылау мұнарасының аймағында өрт-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты: Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің, Түркістан облысының «Бадам» орман шаруашылығы қызметкерлерінің дала-орман  өрттін  сөндіру кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау. Іс-шара Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Аймамбетовтің және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсибаевтің басшылығымен өтті. Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, Шымкент қаласының егіс алқаптарын минералды жолағын жүргізу  кезінде, жұмыс атқарып жүрген трактордан шоқ ұшып, жақын орналасқан жайылымда өрт орын алады. Орын алған өрт жақын орналасқан егістік, орман шаруашылығы мен тұрғын үйлерге қауіп келтіреді. Кезекшіліктегі «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   инспекторы өртті байқап, орман-дала өрттерін сөндіру нұсқаулығына сай «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарлайды. Өрт-тактикалық жаттығу орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің және  «Жасыл белдеу» КММ-нің күштері мен құралдары  жіберілді.  Шартты өрт орнында  өрт сөндіру штабы  құрылды. Бірлесіп әрекет етудің нәтижесінде өрттің одан әрі егістік, орман шаруашылығы мен тұрғын үйлерге таралуына  жол берілмеді, сондай-ақ шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді.  Оқу-жаттығуға Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі мен  «Жасыл белдеу» мекемесінің жеке құрамында 134 адам, 26 техникасы жұмылдырылды. Болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында аудан әкімдіктері тиісті елді мекендерде жалпы 405 адамдардан тұратын 42 ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құрды. Олар, 69 бейімделген қосалқы техникалары мен 14 өрт сөндіру мотопомпалармен   жабдықталған.