Көшпелі брифинг

Көшпелі брифинг
Абай ауданы, Құрсай м/а 283 орам, Жаңақұрылыс н/з мекенжайда газ-ауа қоспасының (табиғи газ) тарсылы орын алған. Оқиға осы мекенжайдағы көлемі 120 ш.м. жеке тұрғын үйде орын алған. Өрт орын алған жоқ.Салдарынан үйдің 30 ш.м. қабырғасы қирап құлаған. Оқиғадан үйдің егесі 1980 ж.т. ер азамат, оның әйелі 1984 ж.т. азаматша және туысы 2001 ж.т. азаматша зардап шегіп, қалалық ауруханаға жатқызылды. Барлық зардап шеккендерге диагноз қойылды: бет пен аяқ-қол бетінің 10% - дан кем 1,2,3 дәрежелі жалынның термиялық күйігі). Оқиғаға орнында көшпелі брифинг ұйымдастырылып, іс-шараға республикалық "Хабар 24", "КТК", "31 арна", "1 арнаЕуразия", жергілікті "Айғақ", "Отырар", "Оңтүстік" телеарналары ақпараттық қолдау көрсетті. Бас спикер болып Шымкент қ.ТЖД бастығының міндетін уақытша орындаушы азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев сөз сөйледі.