Шымкентте газ-ауа қоспасы тарсылынан адамдар зардап шекті

Шымкентте газ-ауа қоспасы тарсылынан адамдар зардап шекті

Шымкент қаласы бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік басқару пультіне 2021 жылғы 24 ақпанда сағат 21:28-де Абай ауданы, Құрсай м/а 283 орам, Жаңақұрылыс н/з мекенжайда газ-ауа қоспасының (табиғи газ) тарсылы орын алғандығы туралы хабар келіп түскен. Оқиға осы мекенжайдағы көлемі 120 ш.м. жеке тұрғын үйде орын алған. Өрт орын алған жоқ. Салдарынан үйдің 30 ш.м. қабырғасы қирап құлаған. Оқиғадан үйдің егесі 1980 ж.т. ер азамат, оның әйелі 1984 ж.т. азаматша  және туысы 2001 ж.т. азаматша   зардап шегіп, қалалық ауруханаға жатқызылды. Барлық зардап шеккендерге диагноз қойылды: бет пен аяқ-қол бетінің 10% - дан кем 1,2,3 дәрежелі жалынның термиялық күйігі) Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖ департаментінен жеке құрамында 20 адам және 4 техника), Апаттар медицина орталығы филиалының 1 бригадасы, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері жұмылдырылды.

 

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы