Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде еріктілермен кездесу өткізілді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде еріктілермен кездесу өткізілді
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінде қалалық еріктілерімен кездесу өткізілді. Кездесу Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Жәнібек Тұрлыбекұлы Кәрімбаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға департаменттің жеке құрамы, Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Жулдыз Шухралиқызы Балтабаева, еріктілер, оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты. Қазақстанда еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсіп отыр. ҚР Президенті 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Еріктілер жылы департамент қызметкерлеріеріктілермен ауқымды іс-шараларды өткізіп, қала тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға өз үлестерін қосқан еді. Биылғы 2021 жылы да ерікті жастармен арнайы акциялар мен үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу үшін Меморандумға қол қойылды. Сонымен бірге өткен жылдың қорытындысы бойынша ең белсенді еріктілер алғыс хаттармен марапатталды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы техникамен таныстыру жұмыстары мамандандырылған жасақтың алаңында өткізіліп, жастарға өрт сөндіру құрал-жабдықтары таныстырылды. Жаңа жылда да барша жастарға ерекше серпін беріп, қаламызды республика бойынша ең қауіпсіз қалалардың қатарына қосуға бірлесіп атқаратын іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы