Су объектілерінде тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде

Су объектілерінде тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі филиалы «Оңтүстік аумақтық пайдалану техникалық басқармасының» 2021 жылғы 6 ақпандағы мәліметіне сәйкес көп мөлшерде жауған жауын-шашынның салдарынан 2021 жылғы 6-8 ақпан аралығында жердің ылғалдануы мүмкін. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті қала аумағындағы су қоймалардың, өзендердің (қауіпті жерлерде) су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізуде. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Бұл ретте 100 адамнан тұрантын мобильді топ, 30 мотопомпа дайындыққа келтіріліп, қажет болған жағдайда жедел түрде дамда салу үшін құм толтырылған 580 дана қап әзірледі. Күнделікті жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша Бадам, Сайрам –су өзендері мен Бадам, Тоғыс, Ақжар, Текесу су қоймаларында су деңгейі бір қалыпты.Сонымен бірге Түркістан облысының ТЖ департаментінен тұрақты түрде таулы аймақтардағы қар қоры туралы мәлімет алынуда.  

 

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы