Шымкент қаласында өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері арасында «Үздік бөлімше командирі» кәсіби байқауы өтті.
«ҮЗДІК БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
І орын – Қаратау ауданы ТЖБ №12-ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Шегірбай Ернұр Бақытжанұлы.
ІІ орын – Абай ауданы ТЖБ №1-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Нургалиев Айбек Тулукбаевич.
ІІІ орын – Қаратау ауданы ТЖБ №9-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Темірбай Нурдаулет Саматұлы.
Сайыс барысында қатысушылар кәсіби білімдерін, тактикалық даярлығын, жеке құрамды басқару қабілетін және белгіленген нормативтерді орындау деңгейін көрсетті. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдау, бағынысты қызметкерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыру және күрделі жағдайда шұғыл әрекет ету дағдылары бағаланды.
Байқау бөлімше командирлерінің тәжірибе алмасуына, басқарушылық қабілеттерін шыңдауына және өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Өйткені әрбір сәттің артында кәсібилік, тәртіп пен өзара үйлесімді әрекет тұрады.
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Қызметтеріңізге сәттілік, кәсіби шеберліктеріңізге шыңдалу, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!