Шымкент қаласы ТЖД басшылығы азаматтық қорғау органдарының ардагерін мерекемен құттықтады.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы азаматтық қорғау органдарының ардагері Қ. Ибраимовтың шаңырағына арнайы барып құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында ардагердің азаматтық қорғау саласындағы еселі еңбегі мен қызметтік жолы сөз болып оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі. Қ. Ибраимов өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, жас буын өкілдеріне ақ батасын беріп қызметте табыс пен ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.