Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті анықтаушылары арасында кәсіби шеберлікті арттыруға және қызметтік міндеттерді орындау сапасын жетілдіруге бағытталған «Үздік анықтаушы» байқауы өткізілді.
Байқау барысында қатысушылар екі кезеңнен тұратын сынақтан өтіп, теориялық білімі мен қызметтік даярлық деңгейін саралады.
Бірінші кезеңде анықтаушылар теориялық білімдерін тексеруге арналған тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде қызметтік міндеттерді орындау барысында қажетті тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін байқатты.
Байқау қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен анықтаушылар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Іс-шара қатысушыларға өзара тәжірибе алмасып, кәсіби білімдері мен біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік берді.