
Шымкент қаласында жұқпалы аурулардың алдын алу және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті, ветеринариялық инспекция және Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне ет және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, бруцеллез ауруының алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
Мамандар тұрғындарға азық-түлік өнімдерін тек ветеринариялық бақылаудан өткен сауда орындарынан сатып алуды, өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарға назар аударуды және термиялық өңдеуден өтпеген шикі сүтті тұтынбауды ескертті.