16 тамыз – Спорт күніне орай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жалпы гарнизондық таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын арттыру.
Дене белсенділігі – төтенше жағдайлар саласында қызмет атқаратын мамандар үшін кәсіби даярлықтың маңызды құрамдас бөлігі. Өйткені құтқарушының физикалық дайындығы күрделі жағдайда жедел әрі нәтижелі әрекет етуіне тікелей ықпал етеді. Спорттық шара қызметкерлердің белсенділігін арттырып қана қоймай, ұжымдық рухты нығайтып өзара ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Шымкент қаласы ТЖД ұжымы спортпен тұрақты айналысуды, қозғалыс белсенділігін арттыруды және денсаулықты сақтауды әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналдыруға шақырады.