Баланы қараусыз қалдырмаңыз!

Баланы қараусыз қалдырмаңыз!

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Нұрсат шағынауданында қайғылы оқиға орын алды. 2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кетіп, көз жұмды.

Биыл Шымкент қаласында балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, олардың 4-і қайғылы жағдаймен аяқталса, 5 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осыған байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырады.

Есте сақтаңыз:
🔹 масаға қарсы тор баланы құлаудан қорғамайды және оның салмағын көтере алмайды;
🔹 терезе маңына баланың терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін жиһаз қоймаңыз;
🔹 терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектейтін құрылғылар орнатыңыз;
🔹 балаларға ашық терезенің қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыз.

Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.