ӘРБІР ЕСКЕРТУ БЕЛГІСІ – ӨМІРДІ САҚТАУ ҮШІН ҚОЙЫЛҒАН

ӘРБІР ЕСКЕРТУ БЕЛГІСІ – ӨМІРДІ САҚТАУ ҮШІН ҚОЙЫЛҒАН

Кейде адам өміріне қауіп төндіретін ең үлкен қателік – ескерту белгілерін елемеу. Тыйым салынған жерде суға шомылу, құтқару кеудешесінсіз қайықпен жүзу немесе қауіпсіздік шегінен асып кету орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Суға шомылуға қатысты әрбір тыйым белгісі мен ескерту тақтайшасы адамға шектеу қою үшін емес, оның өмірін қорғау үшін орнатылған. Сондықтан оларды елемеу – өз өміріне қауіп төндірумен тең.

Қауіпсіздік ережесін сақтау – өз өміріңді сақтаудың ең дұрыс жолы.