СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ!

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ!

Шымкент қаласы ТЖД Әйелдер кеңесінің мүшелері «Қауіпсіздік ережелерін ескерту – азаматтық борышымыз» атты челлендж аясында «Бадам» су қоймасында демалушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, рұқсат етілмеген орындарда шомылмау, балаларды қараусыз қалдырмау және су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Ата-аналарға балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қайғылы жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізу. Баршаңызды челленджді қолдауға шақырамыз!