ДАЙЫНДЫҚ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ: ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

ДАЙЫНДЫҚ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ: ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы №2 Оқушылар сарайында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Жаттығу сценарийіне сәйкес, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан сахнаның декоративтік заттары сақталатын бөлмеде шартты өрт шықты. Дабыл түскен сәттен бастап өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына келіп, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, өрт ошағын оқшаулау және шартты өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – сайлау учаскелерінде өрт туындаған жағдайда өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің, нысан әкімшілігінің және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің жедел әрекет ету дайындығын жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде күштер мен құралдардың үйлесімді жұмысын пысықтау.

Жаттығу барысында алғашқы минуттардағы іс-қимыл алгоритмі, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау тәртібі және шартты өртті жоюға бағытталған тактикалық шешімдер тәжірибе жүзінде тексерілді. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың салдарын азайтып, адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.