
Бастапқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру шеңберінде https://tjm-qabyldau.emer.kz порталы әзірленді.
Портал кандидаттардың құжаттарды онлайн тапсыруын, деректердің толықтығы мен сәйкестігін автоматты түрде тексеруді, іріктеудің барлық кезеңдері көрсетілетін кандидаттың жеке кабинетін, сондай-ақ кезең нәтижелері туралы автоматты хабарламаларды қамтамасыз етеді.
Аталған ресурс құжаттарды қабылдаудан бастап, кандидаттарды қызметке қабылдауға дейінгі іріктеу процесін толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.