
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 17–19 шілде аралығында Шымкент қаласында күндіз ауа температурасы 45–48°C-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық күтіледі.
☀️ Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
* Сағат 11:00–17:00 аралығында күн астында ұзақ жүрмеуге тырысыңыз;
* Көбірек су ішіңіз;
* Жеңіл, ашық түсті киім мен бас киім киіңіз;
* Балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмаңыз;
* Көлік ішінде балалар мен үй жануарларын қалдырмаңыз;
* Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыз.
🚨 Төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне хабарласыңыз.