Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен бірлесіп «Арнайы көлікке жол бер» профилактикалық акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жүргізушілердің арнайы қызмет көліктеріне жол беру мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезінде олардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету.
Акция барысында өрт сөндіру автокөлігі арнайы дыбыс және жарық сигналдарын қосып, қаладағы көлік қозғалысы қарқынды көшелермен жүріп өтті. Рейд кезінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейі тексерілді.
Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге арнайы дыбыс және жарық сигналдары қосылған өрт сөндіру, жедел жәрдем және полиция көліктеріне міндетті түрде жол беру қажеттігін еске салады. Өйткені төтенше жағдай кезінде әрбір секунд адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.